Зауыт бас директорының бірінші орынбасары Қайрат Оразбаевтың хабарлауынша, 2009 жылы кәсіпорын қазақстандық өндірушілерден 3 миллиард 400 миллион теңгенің тауарларын сатып алған, ал қызмет көрсетулер мен жұмыстардағы қазақстандық қамту көрсеткіші 50 миллиард 873 миллион теңгені құраған.
Атыраулық мұнай өңдеушілер қазақстандық өндірушілерден деэмульгаторлар, фосфор қышқылын, құрылыс материалдарын, трансформаторлар, кабель өнімдерін, жиһаздар сатып алған.