Тасымалдаушылар сол ақшаны талап етуде.
Атырауда қоғамдық көлікпен жүру ақысы - 50 теңге. Қалалық билік көздері қоғамдық көлікпен жүру ақысының 290 миллион теңгесін бөлгенін мәлімдеді. Тасымалдаушылар осы ақшаны талап етуде.
Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, мамандар проблеманы шешумен айналысуда. Ең бастысы, ақшаның үлестірілу тетігін жасау керек: қалада 8 тасымалдаушы компания бар. Бірақ оқу мекемелеріне қанша студенттің қай бағдармен жетіп жүргенін ешкім білмейді. Механизм жасалғанда, тасымалдаушыларға ақша жіберіледі.
Алайда жастар ұйымдарының өз пікірі бар. Олар ақшаны оқу мекемелеріне үлестіріп, оларды ай сайын шәкіртақыға қосып беру керек деп есептейді. Өйткені студенттердің барлығы бағдарлық автобустарға мінбейді, ал 290 млн. теңгелік сома қалалық студенттердің жалпы санына есептелген.