Істі қарау барысында анықталғандай, Жылыой ауданының тұрғыны қыркүйек айында Астана-Атырау бағытындағы КС-981 рейсімен үйіне қайтып келе жатқан. Алкогольді мас күйде болған ол, әуе кемесінде өрескел мінез көрсеткен. Экипаж болған жәйт туралы Атырау әуежайына хабар беруге мәжбүр болған», - деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Сот қаулысымен ер адамға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша (ұсақ бұзақылық) 10 АЕК немесе 22 690 теңгеге айыппұл салынды.
Сондай-ақ ол әуе компанияның «қара тізіміне» енуі әбден мүмкін.