Жүк ілушілер бригадирі болып жұмыс жасайтын Тимур Калиакпаров зауытта шыққан зиянды заттар туралы видеоны әлеуметтік желіге жүктеген. Содан кейін оның жұмыс берушісі «Темиржол курылыс Атырау» ЖШС оны жұмыстан шығарып жіберген.
«Соттың шешімімен «Темиржол курылыс Атырау» ЖШС жұмыстан шығару туралы бұйрығы заңыз болып танылды. Т. Калиакпаров бұрыңғы жұмысына оралды. Оның үстіне жұмыс беруші қызметкеріне жұмыстан шығарып жіберген кезең ішіндегі жалақысы мен адвокат шығындарын өтеуге міндеттелді», - делінген облыстық сот таратқан баспасөз парағында.