16 желтоқсанда сағат 19:30-да Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» автожолының 729-768 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
2024 жылғы 17 желтоқсан сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.
Бұған дейін Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жазған болатынбыз.