Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста жол жабылады

Фото: Фото: ҚР ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста жол жабылатынын хабарлады.

- 7 қаңтарда сағат 17:00-ден бастап Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1Алматы – Ташкент-Термез1 автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша-бибі ауылынан Түркістан облысы шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр, - делінген хабарламада.

Жолды 8 қантар сағат 08:00-де ашу жоспарланған. Сонымен қатар Түркістан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылады.

- 7 қаңтарда сағат 17:00-ден бастап Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Алматы – Ташкент-Термез» автожолының 593-620 шақырым аралығында (Жамбыл облысы шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.

Жолды 8 қантар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Ұлытаудан Қостанай облысына дейін жол жабылғанын жазған болатынбыз.