АУА РАЙЫ: 15 маусым күні еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік-шығысында, шығысында және солтүстігінде жаңбыр, найзағай болады, республиканың шығысында бұршақ болуы ықтимал. Кей жерлерінде жел күшеюі ықтимал, оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Қазақстанның солтүстік-батысының кей жерлерінде тұман түседі.
Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал.
Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан кей жерлерінде, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.