Нақтырақ айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде жауын жауса, Қарағанды облысының кей тұсында түнде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20м/с дейін жетеді. Қызылорда мен Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі бар.