Синоптиктердің болжауынша, бүгін Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетіп, шаңды дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында да жел күшейіп, СҚО-ның кейбір ауданында тұман түсуі ықтимал. Батыс Қазақстан, күндіз Атырау облыстарының кей аумағында жел 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында күн суытады. ШҚО-ның кей аумағында 1-3 градусқа дейін салқындауы мүмкін. Ал, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында күндіз аптап ыстық болады. Қызылорда, Қарағандының кей аумағында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өрт қаупі сақталады.
01:06, 07 Қыркүйек 2015
АУА РАЙЫ: 7 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық, тек атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты солтүстік-батыста күн құбылмалы болады, күн күркіреп, жауын жаууы, жел күшейуі ықтимал, деп хабарлады «Қазгидромет».