Ауа райы: Ақмола облысы бойынша ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК күн райының бұзылуына байланысты Ақмола облысы бойынша ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«3 шілде күні күндіз, 4 шілдеде тәулік бойы  Ақмолаоблысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20, 4 шілде күні күндіз 25 м/с жетуі ықтимал», - делінген таратылған хабарламада.