АУА РАЙЫ: Астана қаласы және еліміздің 5 облысында ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті ауа райының күрт құбылуына байланысты Астана қаласы және еліміздің 5 облысы бойынша ескерту жариялады.

«9 қарашада Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында және 9 қараша күні күндіз, 10 қараша күні түнде Павлодар облысында оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде желдің жылдамдығы 23-28 метрге жетіп, екпіні секундына 30 метрден асады. Кей жерлерде көктайғақ болып, боран соғады» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 9 қараша күні Астана қаласында оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, көктайғақ болып, боран соғады.