Қостанай, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетіп, қарлы боран соғады. Көктайғақ, тұман түседі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Бұрқасындатады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде тұман түседі. Атырау облысында, тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.