Бұрқасын мен күшті желдерге байланысты ескерту Павлодар, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарында жарияланды. Аталмыш өңірлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында ескерту тұман мен көктайғаққа байланысты жасалды.
Астанада синоптиктердің болжауынша, 19 қараша күні қар жауады, күндіз ауа температурасы -5-7 градус болады. Ал Алматы қаласында оқтын-оқтын қар жауып, тұман түседі. Күндіз 2 градусқа дейін жылы болады.