Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысы мен ШҚО-да автокөлік қозғалысына шектеу қойылды.

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарының қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы облысы.

2013 жылғы 12 қаңтар сағат 11.05-тен бастап қолайсыз ауа райына (қар, қатты жел) байланысты "Қапшағай-Құрты" а/ж 0-68 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Кеше сағат 17.00 бастап қолайсыз ауа райына (бұрқасын боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты "Үшарал-Достық" а/ж 0-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Павлодар облысы.

2013 ж 13 қаңтар сағат 12.00-ден бастап қолайсыз ауа райына (бұрқасын боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты "Астана-Ерейментау-Шідерті" а/ж 205-259 шақырымы"Ақмола обл шекара-Шідерті" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Сағат 13.30-дан бастап шектеу алынды.

Шығыс Қазақстан облысы.

Бүгін сағат 15.35-тен бастап қолайсыз ауа райына (бұрқасын боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" а/ж 320-900 шақырымы "Қарағанды обл шекара-Ақсуат" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.