Сабақ қардың толассыз жаууымен күшті аяздың және Каспий теңізінен ескен дуылды желдің салдарынан тоқтатылды. Синоптиктердің болжамы бойынша, сенбі күні ауа райының температурасы 33 градусты құрайтын болады.
Айта кетейік, алдыңғы күндері Батыс Қазақстан облысының шекарасымен шектесіп жатқан Индер ауданында сабақтар тоқтатылған болатын. Кейін қала мен елді мекендерде бастауыш сыныпта оқитын оқушылар үшін сабақ болмады.