2011 жылғы 17 ақпанда сағат 14.35-тен бастап Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығы (жаңбыр, қатты жел, қар) және жолдың нашар көрінуі салдарынан «Омбы-Майқапшағай» автожолының «Орлытөбе кеден бекеті-Төреңкөл ауылы» (195-305 км) учаскесінде автокөліктің барлық түріне жол жүруге тыйым салынды.
Сонымен қатар сағат 16.00-ден бастап Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының жайсыздығынпан жүк және жолаушы көліктерінің жүрісіне облыс көлемінде шектеу қойылды.
Ал Қарағанды облысында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолының «Қарағанды-Ботақара ауылы» (17-60 км), «Қызылорда-Павлодар» автожолының «Атасу-Қарағанды» (749-946 км), «Қызылорда-Павлодар» автожолының «Жезқазған-Атасу» (433-749 км), «РФ шекарасы (Екатеринбор)-Алматы» автожолының «Қарағанды-Балқаш» (1492-1854 км) учаскесінде жол әлі де жабық:
««Қызылорда-Павлодар» автожолының «Қарағанды-Молодежное ауылы» учаскесінде (970-1066 км) көлік қатынасы тоқтатылып, «РФ шекарасы (Екатеринбор)-Алматы» автожолының «Осакаровка ауылы-Қарағанды» учаскесінде жүк және жолаушы көліктерінің жүрісіне шектеу қойылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.