Ведомствоның атап өтуінше, Алматы облысындағы «Үшарал-Достық» жолы 14 наурыздан бері барлық көлік түрлері үшін жабық.
Шығыс Қазақстан облысындағы бұрқасын мен жолдың нашар көрінуіне байланысты құтқарушылар Шар-Бақыршық (0,42 шақырым), Өскемен-Тарғын-Самар (63-145 шақырым), Омбы-Майқапшағай (0-60 шақырым және 1006-1256 шақырым) автожолдарына шықпауға кеңес береді.
Сондай-ақ дымқыл қар, бұрқасын және қатты желге байланысты жұма күні кешке барлық авто көлік түрлері үшін Орал-Каменка (Батыс Қазақстан облысы) жолы жабылды.