Аудан әкімінің есепті кездесуінде айтылған тұрғындар өтініші шешімін тапты

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Шиелі ауданына қарасты Сұлутөбе ауылдық округінің 1 Мамыр елді мекеніндегі су мұнарасы күрделі жөндеуден өткізілуде.

Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 11 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аудан әкімінің есеп беруі кезінде ауыл тұрғындарының су мұнарасын қалпына келтіріп беру жөніндегі өтініші осылайша шешімін тапты. Сондай-ақ тозығы жеткен 500 метр су құбырлары ауыстырылатын болады.