Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Қорғаныс министрлігінің 2009 жылдағы жұмыс қорытындысына арналған алқа мәжілісінде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әуе қорғанысы күштерінде ұшқыштардың ұшу уақыты 24 мыңнан астам сағатты құрады. Бір ұшқыштың орташа ұшу уақыты 78 сағатқа жетті. Яғни, 2007 жылмен салыстырғанда ұшу сағатының өсімі 70-74 пайызды құрады»,-делінген таратылған мәліметте.
Атап айтқанда, түрлі қару-жарақ пен техникадан 12 мыңнан астам тәжірибелік ату жаттығулары іске асырылған, сондай-ақ әскери техниканы жүргізу тұрғысында 2 700 тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.