Ауғанстан Президентін ұлықтау қарашаның 19-ында өтеді

АСТАНА. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат - Ауғанстанның қайта сайланған президенті Хамид Карзайдың ұлықтау рәсімі қарашаның 19-ында өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

 Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігі парламенттік және қоғамдық байланыстар басқармасының бастығы генерал Захир Азими мәлім еткен.