Ауғанстанда болған жарылыста бес адам мерт болды

АСТАНА. Желтоқсанның 15-і. ҚазАқпарат - Ауғанстанның астанасында жарылыс болып, кемінде бес адам опат болды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Полиция өкілінің айтуынша, жанкешті автомобильді астананың дипломатиялық орамындағы қонақүйдің жанында жарған.

Кабулда бүгін сыбайлас жемқорлық проблемаларына арналған конференция өтеді, онда Ауғанстанның президенті Хамид Карзай сөз сөйлейді деп күтілуде.