Қаза болғандардың ішінде әйелдер мен балалар бар, деп хабарлады елдің Ішкі істер министрлігінің өкілі. Оның айтуынша, шабуылға ұшыраған автобуста барлығы 42 адам болған, олардың барлығы - бейбіт тұрғындар, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Коалиция күштерінің қолбасшылығы, кеше тәлібтер болуы ықтимал деп пайымдалған автоколоннаға шабуыл жасалғанын қуаттады. Машинада әйелдер мен балалардың болғандығы кейін анықталған.
Дегенмен, НАТО шабуыл салдарынан қанша ауған азаматының құрбан болғаны туралы мәлімет келтірген жоқ.
Ауған үкіметі мен НАТО қолбасшылығы оқиғаның мән-жайын тексеруде. Бұл оқиғаның 15 мыңдай американдық, британдық және ауғандық әскерилердің қатысуымен көрші Гильменд провинциясында жүргізіліп жатқан тәлібтерге қарсы операцияға қатысы жоқ, дейді олар.