Ауғанстан әскерилері қаланы бақылау мүмкіндігін жоғалтқанын растады, алайда жергілікті әуежайды бақылап тұрғанын айтты.
Ауғанстанның қауіпсіздік күштері Құндыз түбінде қолдауды күтеді. Бұдан кейін олар шабуылға көшуді жоспарлап отыр.
Талібтер Құндызға 28 қыркүйектен шабуыл жасай бастады. Оған жүздеген содыр қатысты. Кешке таман олар қаланың жартысынан астамын, кейін шаһарды толық жаулап алды.
Қазір Құндыздың орталығында «Талибан» туы ілінген. Сонымен қатар, содырлар қаланы жаулаған соң қолына түскен ауған бронетехникасының суреттерін ғаламторға жариялап жатыр.
Құндызда бірнеше стратегиялық маңызы бар жолдар тоғысады, ал провинция Тәжікстанмен шектеседі. Қала тұрғындарының саны 100 мың адамнан асады.