Ауғанстанда түрік тікұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. Наурыздың 23-і. ҚазАқпарат - Ауғанстандағы НАТО коалициясы түрік контингентінің тікұшағы Кабулдың оңтүстік жағында апатқа ұшырады, деп хабарлады Би-Би-Си агенттігі.

Вардак уәләяты өкімет орындарының мәліметтеріне қарағанда, оқиға болған жерде бір түрік әскери қызметкері қаза болған, тағы үш адам ауыр жарақаттанған.

Түрік контингентіне қызмет көрсетіп жүрген тікұшақ НАТО-ның әскери базасына қонарда апатқа ұшыраған.