Ауғанстандағы қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 100-ге жетіп жығылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстан аумағында болған қуатты жер сілкінісінің салдарынан Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан елінің солтүстігінің тұрғындары зардап шекті. Жер сілкінісінің дүмпулерін сондай-ақ орталықазиялық елдердің тұрғындары да сезінген.

Жер сілкінісінің салдары тиген барлық елдерден ондаған адам қаза тапқаны және жарақаттанғаны туралы ақпарат келіп түсуде. Пәкістанда зілзала кем дегенде 50 адамның өмірін қиып кеткен, Ауғанстанда шамамен 20 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың саны жүзден асуы мүмкін.

Ауғанстанның Тахар провинциясында жер сілкінісі кезінде мектепте болған кептеліс салдарынан 12 оқушы қыз қаза тауып, тағы 25 қыз жарақаттанды. Сондай-ақ ауғандық Жалалабад қаласында қаза тапқан бес адам туралы хабарланып отыр.

Пәкістанда қаза тапқандар туралы ақпараттың көбі елдің солтүстік бөлігінен келіп түсуде. Коммуникация мен инфрақұрылымның жетіспеушілігінен ол аудандарда қаза тапқан адамдардың саны өте жоғары болуы мүмкін, деп жазады Би-би-си.