Ауғанстанның тәуелсіз сайлау комиссиясының таратқан мәліметінде Абдулла 44,4 пайыз дауыс жинаған екен. Одан кейін бұрынғы қаржы министрі Ашраф Гани Ахмадзай тұр, оның үлесінде 33,2 пайыз дауыс бар. Қазіргі кезде 34 провинциядан берілген дауыстың тек 50 пайызы ғана есептеліп отыр. Ал сайлау нәтижесі 14 мамыр күні жарияланбақ .