Ауыр атлетикадан ҚР чемпионаты: 3 салмақта үздіктер анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Қостанайда ауыр атлетикадан кезекті ел біріншілігі өтіп жатыр. 15 ақпан, яғни, чемпионаттың алғашқы күні ерлер 55 келі салмақта, ал әйелдер 45 және 49 келіде өзара мықтыны анықтады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Жарыс қорытындысы:

Ерлер. 55 келі.

1-орын - Исламжан Мұзапаров (Жетісу облысы) — 223 келі (96 127)

2-орын - Анатолий Грубов (Жетісу облысы) — 222 келі (107 117)

3-орын - Нұрбол Ешімбеков (Қарағанды облысы) — 208 келі (88 120)

Әйелдер:

45 келі.

1-орын - Айнұр Әбдіқалықова (Жамбыл облысы) — 130 келі (60 70)

2-орын - Ирина Чумак (Қостанай облысы) — 114 келі (48 66)

3-орын - Снежана Кашкарова (Жетісу облысы) — 113 келі (51 62)

 

49 келі: (Олимпиадалық салмақ)

1-орын - Айгерім Әуелбек (Жетісу облысы) — 149 келі (69 80)

2-орын - Регина Никифорова (Жетісу облысы) — 133 келі (58 75)

3-орын - Валерия Васечко (Ақмола облысы) — 128 келі (56 72)

 

Биыл ел біріншілігіне 18 өңірден келген 242 спортшы (151 ер, 91 әйел) жекелей және командалық сында бақ сынайды.

Бәсеке 21 ақпанға дейін жалғасады.