Ауыл әкімдерінің халық алдында есеп берулері алдағы аптада басталады - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Биылғы жылы ауыл, кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің тұрғындармен есептік кездесулері 14-31 қаңтар аралығында, аудан және қала басшыларының есеп берулері - 1-14 ақпан аралығында өтеді.

Бұл ақпарат Павлодарда аймақ басшысы Ерлан Арын өткізген кеңесте айтылды, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.

Облыста ауыл, кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің тұрғындармен 408 есептік кездесуі, қала және аудан басшыларының 199 кездесуі өткізіледі.

Кеңесте сондай-ақ, қарды тоқтату және малдардың қыстағы, «Ақ бұлақ» және «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламаларының іске асырылуы, тасқынға қарсы шаралар мәселелері талқыланды.