Ауыл-аймақтардағы оңды істерге «нұротандықтар» мұрындық болып отыр

ОРАЛ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ауыл-аймақтардағы оңды істерге «нұротандықтар» мұрындық болып отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. БҚО-ның Қазталов ауданындағы партияның 20 бастауыш ұйымында 1654 мүше есепте тұрады. Соңғы үш жылда аудан партия ұйымы 484 адамға өссе, биылғы қаңтар-наурыз айларында 102 адам тағы қабылданды. Аудан әкімі Есентай Қалиевтің айтуынша, соңғы кезде аудан қандай ма табыстарға қол жеткізсе, онда партия мүшелерінің, соның ішінде жастардың да үлесі мол. Ауданда «нұротандықтардың» бастауымен дағдарысқа қарсы шаралар да жүзеге асырылуда. 2009 жылға арналған бағдарлама қайта қаралып, аудан бойынша әлеуметтік жұмыстарға ? 10, ақылы қоғамдық жұмыстарға ? 1050, кәсіптік оқуға 100 адам жіберу жоспарлануда. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен қосымша 12 млн. 442 мың қаражат бөлінді. Сондай-ақ «Жол картасына» сәйкес барлығы 515 жаңа жұмыс орны ашылмақ, соның ішінде коммуналдық шаруашылық саласында ? 116, әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстарына ? 372, жолдарды жөндеуге 27 жұмыссыз тартылады. Жастар тәжірибесіне жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітірген жас мамандарды алты ай мерзімге жұмысқа орналастыру қарастырылуда. Сол секілді биылғы жылы бюджеттен аудан жастары арасында жұмыс жүргізу үшін 1 млн. 300 мың теңге бөлінді. «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжебай Нығметтің сөзіне қарағанда, облыс тарапынан ауданға қолдау көрсетіліп, оның «Даму» бағдарламасына 1 млрд. астам теңге аударылып отыр. Бұл ауданның әлеуметтік жағдайын жақсарта түсетін болады.