Мұндай алқаптардың басым бөлігі Екібастұзда, Ақтоғай және Май аудандарында орналасқан. Сол жерлерді тиімді пайдалану бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі, дейді мамандар.
Заң бойынша, 2 жылдан астам уақыт иесіз жатқан жер, әрі қарай қайта үлестіру үшін мемлекеттің қорына қайтарып алынуы керек. Жылдың басынан бері жалпы ауданы 112 мың гектарды құрайтын осындай 205 учаске есепке алынды, қыркүйектің 1-індегі жағдай бойынша ширек миллион гектар жер есепте тұр.
Б.Сағынтаев аудан әкімдеріне, жер қатынастары басқармаларымен бірлесіп, осындай жерлерді түгендеуді және оларға тұрақты мониторинг жүргізіп отыруды міндеттеді.