ОРАЛ. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлді. Әсіресе, етті мал шаруашылығын дамытып, ет экспортын 60 мың тоннаға дейін жеткізу міндетін қойды.
Былайша айтқанда, ауылды дамытуға үлкен мүмкіндік беріліп отыр. Бұл туралы Тасқала ауданы Оян ауылдық округінің әкімі Бауыржан Имашев мәлім етті.
Оның пікірінше, асыл тұқымды мал басын көбейтпейінше, іс алға басады деу қиын. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 7 жылға 6 пайыздық мөлшерлемемен несиелер беріле бастады. Осыны тиімді де өнімді пайдалану керек. «Жаңа техникаларды лизингке алып, бос жерлерге мал қыстақтарын салып, шаруашылық құру, оларды мүмкіндігіне қарай ірілендіру ойластырылады. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдететін болады», - деді Б.Имашев.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).