Ауыл шаруашылығының дамуына серпін беретін жобаларды іске асыру керек – Асқар Мамин

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин ауыл шаруашылығына инвестицияны арттыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылы Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021 жылға дейінгімемлекеттік бағдарламасы әзірленгеніне тоқталған Үкімет басшысы, «бағдарламадасаланы дамытудың салалық және жүйелік шаралары жоспарланған. Осыәлеуметтік-экономикалық маңызы үлкен саланы дамытуды қамтамасыз ету мақсатында ПрезидентҚасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру мен өңделгенөнім экспортын дамыту бойынша міндет қойды. Бұл ретте Үкімет ауылшаруашылығының қарқынды дамуына тың серпін беретін жобалар мен нақты шаралардықолға алуы керек», - деді.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің жартысынан астамын мал шаруашылығы құрапотыр. Мал шаруашылығы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің жетекші саласы болыпсаналады.

«Саланы қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында 2019жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижесі бойынша мал шаруашылығында жалпы өнімкөрсетіштері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,5 пайызға өсті», -деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар А. Мамин ерекше көңіл бөлуді қажет ететін мәселелер барекенін атап өтті.

«Биыл 15 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысыагроөнеркәсіптік кешенге стратегиялық инвесторларды тарту туралы міндет қойды.Қазіргі таңда мал шаруашылығы өнімдерін өндеу көлемі төмен деңгейде қалып отыр,бұл көрсеткіш 35 пайыздан аспайды. Ал Ресейде - 40 пайыз, Беларусьте-50 пайыз,дамыған Еуропалық одақ елдерінде 80 пайыздан астам. Отандық өңдеушікәсіпорындардың толық жұмыс қуатына шықпауына, жабдықтардың тозуына, шикізаттыңжетіспеуіне байланысты бұл кәсіпорындар қосымша өсімді қаматамасыз ете алмайотыр», - деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, ет өңдеу деңгейі бойынша биылғы жарты жылда Ақмолаоблысында, Шымкент қаласында өсім бар. Алайда Алматы облысында өсім қарқынытөмен.

«Қазіргі кезде жалпы құны 200 млн доллардан астам 7 инвестициялық жоба бар.Олар бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өңдеуге инвестиция салуға дайынстратегиялық инвесторлардың жұмысы пысықталып жатыр. Біздің ортақ міндетіміз –ол салаға келетін инвестицияларды жыл сайын кемінде 30 пайызға арттыру», - дедіАсқар Мамин.

Соңғы жаңалықтар