Ауыл тұрғынының ұсақ малы тірідей жанып кетті

ОРАЛ. 7 маусым. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округінің орталығы Жанамада тұрғындардың бірінің шаруашылық құрылысы отқа оранды.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, ауладағы 1 тонна пішен, тас қораның төбесі мен жазғы мал тұратын орындар түгел жойылған. Сондай-ақ қорадағы он екі бас қой жалын ортасында қалған. Болжам бойынша, өрт қауіпсіздік шараларын сақтамаудан шыққан.

Ақжайық ауданында осы тектес оқиғалар өткен жылы да орын алған болатын.