«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында Қазақстан тұрақты даму жолында сенімді келе жатыр. Алматы аймағы ағымдағы жылы әлеуметтік-экономикалық дамытуда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұл материалдық-техникалық базаны жаңартуға мүмкіндік берді. Енді соңғы рет 2007 жылы жаңартылған ауылдық округтердің көлік паркіне жаңа көліктер сатып алынды. Олар шаруалардың маңызды проблемаларын шешуде жақсы көмекшілерге айналады», - деп атап өтті құттықтау сөзінде облыс әкімі Аңсар Мұсаханов.
15:51, 04 Қазан 2012
Ауылдық әкімдер жаңа көліктер алды - Алматы облысы
ТАЛДЫҚОРҒАН. 4 қазан. ҚазАқпарат - Талдықорғанның орталық алаңында ауылдық аудандар мен округтердің басшыларына жаңа «Нива» көліктерінің кілттерін салтанатты тапсыру шарасы өтті. Енді аймақтың жолдарында 251 жаңа көлік жүретін болады.