Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Жәшкенова айтты.
«Болжам бойынша, ауылдық әкімдердің сайлауы ағымдағы жылдың шілде-тамыз және қыркүйек айларында басталады. Сайлау науқаны республиканың барлық өңірлерінде бір уақытта өтеді», - деді облыс әкімінің жиынында Г. Жәшкенова.
«Жобаға сәйкес, әкімдер 4 жылға жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Ауыл әкімдерін сайлаушылар - аудандық, қалалық мәслихаттардың депуттары, - деді ол.
Үміткерлерді ұсыну мен сайлаудың өткізілуі бір ай уақытқа созылады деп болжануда.
Алдын ала деректер бойынша, 2013 жылы республика бойынша ауылдық округтердің, кенттердің, сондай-ақ аудандық маңыздағы қалалардың 2500-ден астам әкімі сайланады деп күтілуде.
«Қарағанды облысы бойынша 203 әкім сайланады. Бұлар - ауыл округтерінің, ауылдар мен кенттердің 201 әкімі, аудандық маңыздағы қалалардың екі әкімі», - деп атап өтті Г. Жәшкенова.
Актив қорытындысы бойынша Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев барлық қалалар мен аудандарда әкімшілік реформа жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Өңір басшысы барлық қалалар мен аудандарда бірыңғай кадр қызметін құру мәселесін қарастыруды жүктеді.