Ауылдық кітапханада Абайдың 165 жылдығына арналған көрме ашылды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 6 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облыстық көркемдік мұражайының қызметкерлері Шарбақты аудандық кітапханасында Абайдың 165 жылдығына орай оқырмандармен кездесу өткізді, деп хабарлайды аудан әкімдігі.

Ұлы тұлғаның шығармашылығы туралы әңгімесін олар қазақстандық графика мамандары Борис Пак, Альберт Гурьев, Андрей Дячкин, Әділ Рахманов пен Николай Гаевтың шығармаларымен суреттеп отырды.

Жылжымалы көрме барысында ауылдықтар Евгений Сидоркиннің Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романына арналған суреттерімен танысты.

Кездесуге қатысушылар - оқушылар мен мұғалімдер, №24 кәсіби лицейдің оқушылары, ардагерлер мен аудан орталығының тұрғындары көркемдік мұражай қызметкерлеріне алғысын айтып, осы секілді кездесулерді жиі өткізіп тұруға тілек білдірді.