Кітапта павлодарлық Ертіс жерінде дүниеге келген танымал қазақстандық ақындардың өлеңдері жарияланды.
Кітапханашылар өлеңқұмар жас ақындарға Мұзафар Әлімбаев, Роза Пфлюг, Нэлли Ваккер, Есентай Ерботин және Ольга Григорьева сияқты тұлғалардың шығармалары жайлы баяндады.
Оқушылар 50 жылдам астам уақыт бойы Ертісті жырға қосқан Мүбарак Жаманбалиновтың туындыларына зор қызығушылық танытты. Олар атақты жерлестерінің өлеңдерінің сөзіне жазылған әндерді орындап, жырларынан үзінділер оқыды.