деп хабарлады Павлодар облыстық прокуратурасынан.
Жауапты мемлекетті қызметте отыра, ауылдық округтің әкімі пайдакүнемдік мүддесімен «Ақнұр» ЖШС шағыннесиелік ұйымына өзінің кепілзаттық мүлігі туралы көрінеу жалған ресми құжаттарды дайындап, ұсынды. Ол 400 мың теңгеге мал алу үшін қайтарылмалы шағын несие алуға негіздеме болды.
Әкім несиені ақшаның және кепілзаттық мүліктің жоқтығына сілтеп қайтарған жоқ.
Өз әрекеттерімен шенеунік ҚР ҚК-нің 314 бабындағы 3 бөлімімен (өзі үшін пайда және басымдылық табу мақсатымен қызметтік алдау) қарастырылған қылмыс жасады.
Аталған фактімен Лебяжі ауданының прокуроры қылмыстық іс қозғап, оның тергелуін арнайы прокурор жүргізді.