Ақтөбе қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлағанындай, 2009 жылдың шілдесінде бір азамат әкімге уақытша пайдалану үшін шабындық алқапты беру туралы өтініш білдіреді. Әкім өтініш білдірушіден 80 мың теңге мөлшерінде заңсыз ақша алады.
Қобда аудандық сотының шешімімен ауылдық округтың әкімі екі жылдық мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды.