ОРАЛ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП халықтық тұғырнамасына сәйкес ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға айрықша көңіл бөліне беретін болады. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары Абат Шыныбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, өңірде осыған сәйкес 2008 жылдан бері бес бірдей семинар-кеңес өткізілді. Жастар саясаты, кәсіпкерлікті дамыту мәселесімен тиісті басқармалар айналысатын болса, облыстық филиал аталмыш жайтты өз назарына алды. Мәселен, таяуда осындай жиын Жәнібек ауданында өткізілді. Онда «нұротандықтармен» қатар аудан, қала әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің меңгерушілері, «Жас Отан» жастар қанатының жетекшілері бас қосып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Жәнібек ауданының әкімі Рыспай Өтешев партия бағдарламасына сәйкес ауыл-аймақта атқарылған жұмыстар барысымен таныстырды. Шындығында соңғы кезде әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу, елді мекендерді абаттандыру бағытында біраз жұмыстар жасалуда.
Абат Шыныбековтың сөзіне қарағанда, осындай бағыттағы жиын алдағы жылы да ұйымдастырылатын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).