Облыстық әкімдікте өңірді абаттандыру және көгалдандыру мәселелеріне арналған кеңес өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеңеске жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары қатысты.
Облыс әкімі Елеусін Сағындықов өз сөзінде атап көрсеткендей, Ақтөбе өңірі - өлкені өркендетуге бағытталған осынау игі істердің бастамашысы. Ақтөбе жастары көтерген және Елбасының жоғары бағасын алған «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» акциясы биыл да республикалық деңгейде жалғасын табуда.