Құрлықтық біріншілік Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатыр. Бүгін, 24 сәуір күні аталған салмақ дәрежесінде Қазақстан сапынан Рахат Бекболат пен Артем Антропов қатысты. Артем Антропов қоссайыс нәтижесі бойынша 390 (168 222) келіні бағындырып, қола жүлдеге ие болды. Ал 386 (173 213) келіні көтерген Рахат Бекболат жарыста бесінші орынды қанағат тұтты.
16:29, 24 Сәуір 2021
Ауыр атлет Артем Антропов Азия чемпионатының қола жүлдесін еншіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздіктер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.