Жұлқа көтеру сайысынан тайпейлік спортшы Сю Шу Чин 98 келі нәтижемен көш бастап тұр. Үшінші орында қытайлық Ли Я Джин (96 келі).
Санаулы минуттан соң Зульфияның серпе көтеруден өнерін тамашалайтын боламыз. Әзірге бапкерлер оған серпе көтеруде 121 келіні тағайындап отыр.
Бұған дейін кеше жарыс жолына шыққан Арли Чонтей алтыншы орынмен ғана қанағаттанса, қыздар арасынан Маргарита Елисеева алғашқы айналымнан аса алмады.