Онда Владимир Седов (94 кг) пен Татьяна Хромова (75 кг) күміс, Кирилл Павлов (77 кг), Владимир Кузнецов (85 кг), Сергей Истомин (105 кг) мен Александра Аборнева ( 75 кг) қола жүлдегер атанды. Онда ел намысын ерлер арасында - 8, әйелдер арасында - 4 спортшы қорғағаған болатын. Жарыс қортындысында сарапқа салынған 15 алтынның 14-ін жарыс қожайындары, ал біреуін оңтүстік кореялық атлет иеленді. Соның нәтижесінде қазақстандықтар жалпы командалық есепте үшінші орынды қанағат тұтты.
18:33, 20 Сәуір 2011
Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандықтар 2 күміс, 4 қола медальді еншіледі
АЛМАТЫ. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытайдың Тонг Линг қаласында сәуірдің 11-18 күндері ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтті.