Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір күміс және қола медальмен толықты

nbsp;ТАШКЕНТ. Сәуірдің 12-сі. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір күміс және қола медальмен толықты.

Жексенбі күні, сәуірдің 11-інде Ташкентте жасөспірімдер мен жастар арасында өтіп жатқан Азия біріншілігінде қазақстандық спортшылар Жазира Жапарқұл (69 келіге дейін) мен Анна Нұрмұхамбетова (69 келіден жоғары) өнер көрсетті. Тартысты бәсеке қорытындысында Ж. Жапарқұл жұлқи көтеруде - 88 келі және серпи көтеруде 108 келі салмақты бағындырды. Өз кезегінде А. Нұрмұхамбетова жұлқып көтеруде - 96 келі, серпи көтеруде 118 келі салмақты еңсеріп, күміс медальға ие болды.

Осы бәсекенің бірінші кезеңінің нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржыны бес медальмен, атап айтқанда екі алтын, бір күміс және екі қола медальмен толықты.

Сейсенбі, сәуірдің 13-інде шаршы алаңға Азия елдерінің жасөспірім жігіттері (1993 жылға дейін туған) өнерлерін ортаға салып, жүлделі орындар үшін күреседі. Қазақстан сапынан сегіз спортшы сайысқа түспек.