деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алып кранды Мойнақ ГЭС-і құрылысшыларының тапсырысы бойынша зауыт конструкторлары әзірледі және зауыт мамандары құрастырды. Көтергіш механизмінің ерекшелігі ретінде бас конструктор Евгений Тальян оның барлық тіреуіштерінің бекемдігін, жоғары дәлдікпен даярланғанын айтты. Павлодарлық конструкцияның бірегейлігі - көтеру биіктігі мен жүктің салмағы осыншама жоғары төрттағанды кран елімізде алғаш рет әзірленіп отыр.
Сынақ үшін зауытта арнайы полигон құрылған, мұнда мамандар тапсырыс берушіге жөнелту алдында механизмдерді тексеруден өткізетін болады.