«Фэнтэзи» стиліндегі аталмыш фильм бұған дейінгі кассалық рекордсмен осы Кэмеронның «Титаник» фильмінен озып кетті. «Титаник» 1997-1998 жылдары «әлем кинозалдарында 1,843 миллиард доллар жинаған болатын, деп хабарлады кинопрокатшы «ХХ ғасыр Фокс» киностудиясы.
Компания қызметкерлері «Аватардың» прокат соңындағы нақты табысын болжауға қиналып отыр. Кэмеронның эпопеясы Солтүстік Америкадан тыс аумақтарда, өткен жеті аптада 1,45 миллиард доллар табыс әкелді. 120 шет елдің ішінде Франция, Қытай, Австралия және Барзилия елдерінің кинокөрермендері көбірек кіріс әкеліп отыр.
«Аватар» режиссері «ақшалы» кинофильмдердің авторы ретінде танылған тұлға. Оның туындыларының қатарында әлемге танымал «Терминатор», «Чужие» фильмдері бар.