Ішіндегі 11 жолаушы мен экипаж мүшелері қаза тапқан, деп хабарлайды РИА жаңалықтар агенттігі Фран Пресс агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Ұшақ Камеруннен маусымның 19-ы күні ұшып шыққан және кен шығарушы компанияның бір нысаны орналасқан Конго Республикасы Санга облысындағы Янгаду қаласына жетуі керек болған. Ұшқаннан кейін Casa C212 ұшағы жоғалып кеткен. Ішіндегі адамдардың ешқайсысы тірі қалмаған.