Австриялықтардың 80 пайызы өз өмірлеріне көңілі толады - Ханс Георг Хайнрих

АЛМАТЫ. Қарашаның 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Австриялықтардың 70 пайыздан астамы отбасылық өмірлерін өздерінің басты құндылығы санайды.

Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғам: ахуалы мен болашағы» деп аталатын халықаралық конференция кезінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ресейде елдің бәрі «Газпром» мен Президент әкімшілігінде жұмыс істегісі келеді. Австрияда мыңдаған «Газпром» бар. Халықтың 80 пайызы сауалнама қорытындысы бойынша өз өміріне разы. Менің ойымша, бұл әлемдік рекорд.    Дағдарыс жағдайында да олардың өз өмірлеріне   оптимизмі басым»", дейді Еуроодақ - Ресей/ТМД озық және салыстырмалы зерттеулер халықаралық орталығының вице-президенті Ханс Георг Хайнрих. Оның айтуынша, австриялықтардың 15 пайызы жоғары білімді. Елде 180 мың қауымдастық  пен 200 партия бар.  Үлкен өзгерістер алдында тұрған Австрияның болашақтағы даму жолында негізгі 3 фактор басты рөл атқаруда. Ол -  миграция, Еуропа және сөйлесудің жаңа  технологиялары.

Миграция  бір жағынан бізге үлкен мүмкіндік. Бейімделу мен ықпалдасу мәселесі   азаматтық  қоғамның белгілі бір реакциясын тудырады. Өйткені саяси партиялар мен мемлекет оны өте кеш мойындады. Мигранттар негізінен  бұрынғы Югославия мен Түркия, Ресей және Азия елдерінен», дейді Ханс Георг Хайнрих.