«Автобус» операциясы барысында полицейлер жолаушылар көлігіндегі заңбұзушылықтың 400-ден астам фактін анықтады - Қостанай

ҚОСТАНАЙ. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының полицейлері «Автобус» операциясының барысында жолаушылар көліктерінің жүргізушілері жол беретін көптеген заңсыздықтарды анықтады.

Бұл туралы   сәрсенбі күні    облыстық  ішкі істер департаментінде   болған  брифингте   мәлім етілді.

Атап  айтқанда,   Арқалық және  Рудный  қалаларында  автобустың руліне мас болып  отырған  екі жүргізуші    ұсталды.    Операцияның  өткен  екі күнінде     сондай-ақ,  техникалық байқаусыз   жүрген  23   автобус анықталып  отыр.   Жылдамдықты асырғаны  үшін  - 23 жүргізушіге,  қозғалыс ережелерін  бұзғаны  үшін  - 60 жүргізушіге айыппұл салынды. Бағдаршамның  тыйым  салу  белгісіне қарамастан, жолдан өткен   13 жүргізуші  жауапқа тартылды», - деп      хабарлады   облыстық  ішкі істер департаментінің өкілі Сәуле  Нұрпейісова. 

Операция тамыздың 3-і мен 8-і аралығында өтуде.

Ағымдағы жылдың  7 айында     Қостанай  облысында  жолаушы автобустары  жүргізушілерінің кінәларынан    5 жол-көлік оқиғасы  орын  алып,     олардың салдарынан 1 адам қаза болған, 5 адам жараланған.